ДДСҰ: Босаңсуға болмайды – вирус таралып барады
Kyzylorda-news.kz. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Дорит Нитцан Қазақстандағы COVID-19 бен пневмонияның біріктірілген статистикасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстандағы COVID-19 бойынша жағдай жақсаруда. Жұқтыру жағдайлардың үштен бірі соңғы аптада тіркелгеніне қарамастан, төмендеу байқалады. Мемлекет бірқатар санитарлық шараларды әзірлеп жатыр. Сонымен қатар науқастарды емдеу және аурухананың жағдайындағы инфекцияны бақылау шараларын жетілдіруде. Әсіресе, Қазақстан пневмониясы жоқ пациенттерді COVID-19 бойынша ДДСҰ зертханаларында тестілеуге келісті. Осыған ұқсас жағдайларда барлық елге осы жұмыс әдісін қолдануға кеңес береміз», - деді онлайн байланысқа шыққан Дорит Нитцан ОКҚ алаңы арқылы.
Оның айтуынша Қазақстан әлемдік стандарттарға сай жағдайларды жаңаша тіркеуге көшіп келеді.
«Пациенттің COVID-19 ауруына немесе басқа сырқатқа шалдыққанын анықтауда бұл маңызды қадам. Қайта классификациялау COVID-19 жағдайларының өскенін көрсетеді. Қайта есептеу барысында өсім күрт артады. Алайда бұл елде COVID-19 жұқтыру жағдайы артып кеткенін білдірмейді», - деді ол.
Дорит Нитцан әзірге жұмысты әлсіретпеу керектігін атап өтті.
«Вирус таралып барады. Тоқтата алатын бәрінің де көмегі керек. Барлық деңгейдегі мемлекеттік құрылым, медицина қызметкерлері, азаматтық қоғам – бәрі көмектесуі тиіс», - деді ол.