Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдария ауданына оттегі концентраторы жеткізілді

Сырдария ауданына оттегі концентраторы жеткізілді

Kyzylorda-news.kz. Жұқпалы індет жұқтырған науқастарға облыс орталығынан оттегілік балондар жеткізілуде. Бұл ретте аудандық ауруханада оттегі жеткізуші аппараттың жетіспеушілігі туындаған болатын. Бұл мәселе ел жанашырларының, қамқор азаматтардың демеушілігімен өз шешімін тауып келеді. Атап айтқанда, Сырдария ауданының құрметті азаматы Әріп Қожбанов отбасының атынан аудандық ауруханаға 1 дана оттегі концентраторын алып берді.

Аталған аппаратты аудандық ауруханаға Әріп Қожбановтың ұлы Азамат Қожбанов жеткізіп, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Әріп Қожбановтың елге деген ыстық ықыласын жеткізіп, оттегі аппаратының науқастар еміне септігін тигізетінін айтты.

Өз кезегінде медицина қызметкерлері өнегелі отбасының игілікті ісіне ризашылығын білдіріп, бақ-береке тіледі.

Аудандық ауруханаға жеткізілген оттегі аппаратының құны 580 мың теңгені құрайды. Бұл медициналық құрылғы 2 науқасты емдеуге арналған.
20 шілде 2020 ж. 196 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области