Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада суға кеткен 13 жасар қыздың мәйіті табылды

Қызылордада суға кеткен 13 жасар қыздың мәйіті табылды

Kyzylorda-news.kz. Аймақта судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 19 оқиға тіркеліп, 21 адам қайтыс болды. Оның 8-і бала.
Бұл туралы Өңірлік коммуникаицялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов баяндады.
«Өткен аптада 3 бірдей қайғылы оқиға тіркеліп, 4 адам қаза тапты. Оның бірі Титов қыстағының 13 жасар тұрғыны. 2-ші жағдай Жосалы кентінің 1992 жылғы азаматы. Сондай-ақ, Қалғандария көлінен екі азаматтың суға түсуге арналмаған жерде батып кеткендігі анықталды. Азаматтардың мәйіті табылып, судан шығарылды.Өңірде суға шомылуға болмайтын 64 аймақ белгіленіп, 139 ескерту тақтайшасы орнатылды. Суға түсуге қауіпті аймақтарда азаматтардың рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдануы және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білмейтіндігі де қайғылы жағдайдың көбеюіне әкелуде . Жаз айларында табиғатқа шығып, демалысты өзен мен көл жағасында өткізетін тұрғындар көп. Алайда сақтық ержелерін сақтамау салдарынан осындай демалыстар бақытсыз жағдайлармен аяқталып жатады»,-деді сала басшысы.
20 шілде 2020 ж. 207 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области