Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада суға кеткен тұрғынның денесі 18 сағаттан кейін табылды

Қызылордада суға кеткен тұрғынның денесі 18 сағаттан кейін табылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының су айдындарында 16 оқиға тіркеліп, 17 адам қайтыс болды. Оның 7-еуі бала. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Руслан Қайрақбаев баяндады.
«Үстіміздегі жылдың 12 шілдесінде 26 жастағы азамат шомылуға арналмаған жерге суға түсу кезінде батып кеткен. Қала тұрғынының мәйіті 18 сағаттан кейін табылып, судан шығарылды», – деді Руслан Сламбекұлы.
Өз сөзінде сала маманы өңірде суға шомылуға болмайтын 64 аймақ белгіленіп, 139 ескерту тақтайшасы орнатылғанын айтты. Суға түсуге қауіпті аймақтарда азаматтардың рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдануы және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білмейтіндігі де қайғылы жағдайдың көбеюіне ықпал етуде. Жаз айларында табиғатқа шығып, демалысты өзен мен көл жағасында өткізетін тұрғындар көп. Алайда сақтық ержелерін сақтамау салдарынан осындай демалыстар бақытсыз жағдайлармен аяқталып жатады.
Сондай-ақ, аймақта 3 жұмыс жасайтын жағажай бар. Бір жағажай Шиелі кентінде болса, қалған екеуі Қызылорда қаласының аумағындағы Арай мөлтек ауданы мен Белкөл кентінің маңында орналасқан.
15 шілде 2020 ж. 179 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области