Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада суға кеткен баланың мәйіті табылды

Қызылордада суға кеткен баланың мәйіті табылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында үш күн бұрын каналға суға ағып кеткен он жастағы баланың мәйіті табылды.
Оқиға 23 мамырда жергілікті уақытпен сағат 18.00 шамасында болды. Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі каналға шомылған үшінші сынып оқушысы суға ағып кеткен. Баланы іздестіруге 53 адам жұмылдырылды.
«Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына жергілікті тұрғыннан жергілікті уақытпен сағат 17.38-де қалаға қарасты Абай ауылы тұрғынынан хабар келіп түсті. Онда «Ешпан» күріш алқаптарын суармалы каналында жасөспірімнің мәйіті табылғаны айтылған. Ол Тасбөгет кенті аумағындағы каналдың суға түсуге арналмаған аумағында суға батып кеткен 2010 жылғы жасөспірімнің мәйіті екені анықталды. Мәйіт Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының құтқарушыларымен судан шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
27 мамыр 2020 ж. 293 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области