Қызылордада 45 жастағы азамат суға батып кетті
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 45 жастағы азамат Сырдария өзеніне батып кетті. Ол дарияның шомылуға тыйым салынған тұсында суға түскен.
Оқыс оқиға кеше сағат 20.30 шамасында орын алды. Жергілікті 112 құтқару қызметіне «Арай» шағын ауданы тұсындағы дария аумағында 45 жастағы азаматтың суға батып кеткені жөнінде хабар келіп түскен.
«Өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасақ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетті. Құтқарушылар суға батып кеткен азаматты су астынан іздестіру жұмыстарын жүргізді. Денені су астынан сағат 20.38-де жағаға шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, суға батып кеткен азамат мас болған.