Коммуналдық қызметке жұмсалған миллиондаған ақша қайтарылады
Kyzylorda-news.kz. Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері жылу энергиясын есепке алу құрылғылары жоқ тұтынушылардың ақысын қайта есептеп шықты, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
«Осы жұмыс табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың нормаларына сәйкес жүргізілген болатын. Оның қорытындысы бойынша қайта есептеу нәтижесінде жылу маусымында (2020-2021 жылдары) немесе күнтізбелік жыл үшін (2020 жылдың соңына дейін) қаражатты қайтару халықтың жеке шотында көрсетіледі және аванс (сальдо) түріндегі жеке жолда жазылады», – дейді мамандар.
Заң бойынша табиғи монополия субъектісі сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, қайта есептеу шараларын жүргізуге мiндеттi. Ал 2019-2020 жылдардағы жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін 133 табиғи монополия субъектісі жылу энергиясының төлеміне жалпы сомасы қосымша құн салығымен 736 771 070 теңгеге қайта есептеу жүргізді.
– Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 3 818 460 теңге, бұл ретте Нұр-Сұлтан қ. бойынша аумақтық департамент «Қаныш Сатпаев атындағы арна» РМК «Қазсушар» филиалы және «Сапро-НАТ» ЖШС атты субъектілер бойынша қайта есептеу жүргізді, олар Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қызмет көрсетеді:
Алматы қаласы бойынша – 13 327 030 теңге;
Шымкент қаласы бойынша – 25 805 640 теңге;
Алматы облысы бойынша – 8 659 900 теңге;
Ақмола облысы бойынша – 39 708 450 теңге;
Атырау облысы бойынша – 8 325 040 теңге;
Ақтөбе облысы бойынша – 50 624 690 теңге;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 189 998 270 теңге;
Жамбыл облысы бойынша – 43 108 930 теңге;
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 14 942 620 теңге;
Қарағанды облысы бойынша – 167 298 790 теңге;
Қостанай облысы бойынша – 50 718 610 теңге;
Қызылорда облысы бойынша – 53 392 570 теңге;
Маңғыстау облысы бойынша – 3 291 000 теңге;
Павлодар облысы бойынша – 28 629 400 теңге;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 22 562 880 теңге;
Түркістан облысы бойынша – 12 558 790 теңге.
Комитет барлық тұтынушының жылу энергиясын есептеу құрылғыларын қолдануға ауысу қажеттігін ерекше атап өтті. Сол кезде олар нақты тұтынған жылу энергиясы үшін ғана төлейді және қайта есептеудің қажеті болмайды.