Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал ауданының әкімі Жақсықылыш кентінің тұрғындарымен кездесті

Арал ауданының әкімі Жақсықылыш кентінің тұрғындарымен кездесті

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев аудан прокуроры А. Тәженов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ә.Өтегеновпен бірге Жақсықылыш кентінде болып, ауыл тұрғындармен кездесті.

Кездесуде негізінен жақын арада кент жастары арасында орын алған топтық төбелес мәселесі сөз болды. Аудан басшысы жастардың тәрбиесінде ата-аналардың рөлі зор екендігін айтып, мезгілсіз уақытта бос жүрмеуін қадағалап тұруды ескертті. Ауыл ақсақалдарына жастарды бітімгершілікке, ауызбірлікке шақырып, жиі ақыл-кеңестерін айтып, жөнге салып отыруды ұсынды. Жасөспірімдердің жастықтың буымен жаза басып қалуын болдырмау ортақ міндет екенін де айтып өтті.

Бүгінде жастардың құқық бұзушылық әрекеттері, ережелерді сақтай бермейтін жағдайлары өсім алған. Соған сәйкес, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстың өсуіне жол бермеу және болдырмау тәртіп сақшыларының басты міндеттерінің бірі болып отыр.

Кездесуде құқық қорғау саласының қызметкерлері тұрғындарға заңды бұзған тұлғаға қатысты қолданылатын жазалардың зардабы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жоғарыда айтылған жастардың құқық бұзушылық әрекеттерін болдырмау мақсатында алдағы уақытта кентте күшейтілген рейдтік шаралар жүргізілетін болды.


21 шілде 2020 ж. 189 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области