Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мектеп мұғалімдерінің жалақысы көтеріледі

Мектеп мұғалімдерінің жалақысы көтеріледі

Kyzylorda-news.kz. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға байланысты мұғалімдердің жалақысы қысқармайтынын, керісінше 2021 жылдың қаңтарынан бастап көтерілетінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Мұғалімдерге көп салмақ түсті. Кей жерлерде керісінше салмақ азайды деген пікірлер айтылады, бірақ жұмыстары еселеніп кеткен. Жақында мұғалімдерді ақысыз демалысқа жібереді деген пікір болды, біз бұл бойынша жедел әрекет еттік, біздің ойымызша, педагог тамызда да бұған дейін қанша алды, сонша алуы керек», – деді Аймағамбетов Tengrinews.kz-тің Instagram желісіндегі тікелей эфирде.
Министр мұғалімдердің жалақысын азайту үшін қашықтан оқуды сылтау еткісі келгендер болғанын айтты.
«Мен онымен келіспеймін. Біз қашықтан оқу мұғалімнің жалақысына әсер етпеуі керек деген шешім шығардық. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша педагогтердің жалақысы көтерілді. Қыркүйектен бастап «Педагог мәртебесі» заңына сәйкес қосымша үстемақы болады, ол да мұғалімдер үшін айтарлықтай көмек. Енді қаңтардан бастап әріптестеріміздің жалақысы 25 пайызға өседі», – деді министр.
22 шілде 2020 ж. 251 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области