Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық кәсіпкер Қазалы аудандық ауруханасына сый жасады

Қызылордалық кәсіпкер Қазалы аудандық ауруханасына сый жасады

Kyzylorda-news.kz. Бүгін жеке кәсіпкер, Қазалы ауданының тумасы Саламат Талқанбай Қазалы ауданаралық ауруханасына қажетті құрал-жабдықтарды тарту етті.
Атап айтар болсақ, Саламат Нұрманұлы қазіргі таңда «Covid-19» инфекциясы мен пневмонияны емдеуге қажетті оттегі концентраторы мен медициналық оттегі баллонын ауруханаға әкеліп тапсырды.
Туған жерге жанашырлық танытқан азаматтың оттегі жеткізуші аппараттарын аудандық аурухананың қызметкерлері қабыл алды. Қазалы ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Бақыткүл Әлішева жерлес кәсіпкерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, медициналық оттегі баллонының тиімділігін атап өтті.
Айта кетейік, оттегі жеткізуші аппаратының құны 600 мың теңгені құраса, тиімділігі мол медициналық оттегі баллоны 350 мың теңге тұрады.

23 шілде 2020 ж. 218 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области