Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 24 шілдеге арналған ауа райы болжамы

24 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың бірқатар аймағында жауын жауып, солтүстік-батыста, күндіз солтүстікте және орталықта найзағай ойнап, жел күшейеді. Кей жерлерде тіпті бұршақ жаууы да ықтимал. Сондай-ақ республиканың бірқатар бөлігінде шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз елдің басым бөлігінде секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді. Бұршақ жаууы да ықтимал.
Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей бөлігінде жел секундына 15-23 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар, күндіз Ақтөбе, Алматы облыстарында жел секундына 15-25 метр жылдамдықпен соғып, Павлодар облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.
Күндіз, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі сақталады.
24 шілде 2020 ж. 149 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области