Коронавирус: Шиелі ауданындағы жағдай қандай?
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шиелі ауданында індеттің алдын-алу және таралуын болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша селектор өтті.
Жиында Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараков аймақтағы ахуал жөнінде баяндама жасады.
Аудан бойынша коронавирус инфекциясымен 217 жағдай тіркеліп, 134 адам емделіп шықты. Пневмониядан 555 адам ауырып, 189 жазылып шықты.
Қазіргі уақытта 40 инфекциялық, 100 провизорлық төсек орны бар. Ахуал күрделенген жағдайда пайдалану үшін ескі аурухана ғимаратынан 50 төсек орын дайындалған. Сонымен қатар, «Шиелі аудандық аграрлық колледжі» мен «Гежуба Шиелі Цемент» зауытының жатақханаларынан 200 төсек орын ашуға тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Ауданда 12 өкпені жасанды желдету аппараты, 3 оттегі концентраторы, 159 оттегі баллоны бар. Күшейтілген карантин жарияланған кезеңнен бастап аудан бойынша демеушілер мен еріктілер тарапынан аудандық аурухана мен елді мекендерге 4 млн 100 мың теңгеге көмек көрсетілді.
Одан бөлек, аудан әкімдігінің 5 қызметтік автокөліктері күнделікті жанар-жағар майымен қамтамасыз етіліп, аудандық ауруханаға көмек ретінде пайдалануға берілді.
Шиелі ауданы бойынша 22 дәріхана жұмыс жасайды. Барлық дәріханаларға күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Коронавирустың таралуын шектеу мақсатында әр елді мекеннен 1 мобильдік, кент орталығынан 5 мобильдік топ құрылып жұмыс жасауда. Сонымен қатар аудандағы мониторингтік топтар күнделікті кәсіпкерлік нысандарын және арнайы белгіленген аймақтарын аралап, санитариялық талаптардың сақталуына бақылау жасауда. Тұрғындар арасында отбасылық жиындардан бас тарту туралы түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізіп келеді.
Өңір басшысы дәрі-дәрмек қорын уақытылы толықтырып, қажет болған жағдайда пайдаланатын стационар орындарында емделуге жақсы жағдай жасауды тапсырды.

«Инфекциялық, провизорлық орындарда емделушілерге дұрыс жағдай жасалу керек. Қосымша рентген, өкпені жасанды желдету аппараттарын алуға жұмыс жасаңыздар. Оттегі концентраторын да көбейту керек. Дәрілік заттардың қоры жеткілікті болсын. Тұрғындар көпшілік орындарда жиналмау керек», - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.