Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қарапайым заттар экономикасы»: Қызылордада 93 жоба қаржыландырылды

«Қарапайым заттар экономикасы»: Қызылордада 93 жоба қаржыландырылды

Kyzylorda-news.kz. «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында облысқа 3 млрд.423 млн.теңге бөлінген. Аталған бағдарлама аясында жыл басынан бері жалпы құны 1,3 млрд.теңгеге 38 жоба субсидияланып, 497 млн.теңгеге 22 жобаға кепіл берілген.
Шағын несиелендіру үшін «Еңбек» бағдарламасы аясында 3 млрд.353 млн.теңге қарастырылған. Аталмыш қаржының 3 млрд.103 млн.теңгесі ауылдық елді мекен кәсіпкерлерін несиелендіруге, 250 млн.теңгесі Қызылорда қаласындағы кәсіпкерлерді несиелендіруге бағытталған. Апталмыш бағдарлама аясында жыл басынан бері 127 шағын және микро бизнес субъектілері 548 млн.теңге несие алған.
«Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Жобалық кеңсенің қарауына жалпы сомасы 13,3 млрд.теңгені құрайтын 150 түсті. Оның ішінде жалпы құны 7,5 млрд.теңгені құрайтын 93 жоба банктермен және Аграрлық несие корпорациясымен мақұлданып, жалпы құны 3,1 млрд.теңгені құрайтын 16 жоба қаржы институттарының қарауында жатыр. Қалған жобалар бойынша құжаттар жинақталуда. Жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жобалардың қаржыландыруында Кәсіпкерлер палатасының мамандары кәсіпкерлерге ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жобаларын сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп келеді», – дейді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов айтты.
24 шілде 2020 ж. 240 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области