Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


    Өткен аптада ішкі істер департаментінің мәжіліс залында 2015-2017 жылдары ҚР ІІМ ведмостволық оқу орындарын бітірген түлектермен кездесу өтті. Кездесуге аталмыш жылдары оқу бітіріп қазіргі таңда қалалық ішкі істер бөлімі мен барлық аудандық ішкі істер бөлімдерінде қызмет атқарып жатқан қызметкерлер мен олардың ата-аналары және тәлімгерлері шақырылды. Жиынды департамент бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қалижан Жеңісбекұлы ашып берді. Одан әрі департаменттің кадр жұмысы басқармасының бастығы Асылхан Абдреев «2015-2017 жылдары ҚР ІІМ ведмостволық оқу орындарын бітірген түлектермен олардың тәлімгерлерімен атқарылған жұмыстары және тәрбие жұмысы» атты  баяндамасын оқыды.
    ҚР ІІМ-нің 2017 жылғы 29 шілдедегі «ҚР ІІО-да жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» №518 бұйрығына сәйкес, жас қызметкерлермен жеке-тәрбие жұмысы ұдайы жүргізіліп келеді. Мақсат – жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттырып, жедел-қызметтің озық шараларын игеруіне септесу. Сонымен қатар жұмыс жүргізу барысында жас қызметкерлердің тұрмыстық жағдайы, мінез ерекшелігі, қызмет атқару деңгейі де зерделеніп, баға беріледі. Қолда бар мәліметке сүйенсек, өткен жылы ҚР ІІМ-нің ведомстволық оқу орындарын 40 түлек тәмамдаған. Қазір оларды бос лауазымдарға тағайындау жұмыстары жүргізілуде. Аталған түлектердің жеке істері кадр жұмысы басқармасы қызметкерлерімен жасақталып, ҚР ІІМ-нің оқу орындарына жолданды,-деді А.Сейдалыұлы.
    Айта кетейік, ҚР ІІМ-нің ведомстволық жоғары оқу орнында бір баланы оқыту үшін мемлекет тарапынан шамамен 1 млн 400 мың теңге қаражат бөлінеді. “Алыстың да берісі бар”. Сәйкесінше, аталған оқу орнын бітірген түлек жұмсалған қаражатты қайтару мақсатында ІІО-да 5 жыл көлемінде қызмет атқаруы тиіс. Алайда, түлектер арасында мерзімнен бұрын түрлі жағдаймен жұмыстан босап қалғандар да бар. Олардан сот шешімімен жұмсалған қаражатты өндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 27 қызметкерден 8 076 742 теңге мемлекетке қайтарылған.
    Қызылорда ОІІД-нің баспасөз қызметі


06 ақпан 2018 ж. 648 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области