ҚАЖ қызметкерлері «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясын жалғастырды.
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық пробация қызметінің ұжымы ақ халатты абзал жандарға азық-түлік өнімдерін апарып, қиын кезеңде бірге екендіктерін көрсетті.
Пробация инспекторлары сақтық шараларын сақтай отырып, қазіргі әлем халқына қауіп төндірген коронавируспен күресіп жатқан, өзгелердің өмірі үшін аянбай еңбек етіп жүрген Қызылорда қалалық ауруханасының дәрігерлеріне алғыс айтып, қолдау көрсетті. Олар дәрігерлердің иммунетін нығайтуға арналған өнімдерді таратты.
«Медицина қызметкерлерінің еңбегі зор. Күн демей, түн демей еңбек етіп жүрген, ақ халатты жандар өзгелердің өмірі үшін аянбай күресіп жатыр. Ел басына түскен қиын-қыстау сәтте дәрігерлерге қолдау көрсетіп, жылу сыйлап, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл »демекші, бірге екенімізді жеткізгіміз келеді", - деді қалалық пробация қызметінің бастығы әділет капитаны Ернияз Жеңіс.