Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Волейболдан жарыс өтті

Волейболдан жарыс өтті

Kyzylorda-news.kz. Пробация қызметінің есебінде тұрған және өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықтың азаматтары арасында волейболдан жарыс өтті.

Оған 3 құрама команда қатысты. Тартысты бәсекеде командалар бар шеберліктерін көрсетті. Жарыстың нәтижесі бойынша І орынды Қылмыстық жазаны өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу оңалту орталығының «Жеңіс» командасы, иеленсе, ІІ орынға өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық қызметкерлерінен құралған «Тасбөгет» командасы табан тіреді. Ал пробация қызметінің есебінде тұрған жазасын өтеушілерден жасақталған «Пробация» командасы ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Жарыс соңында жеңімпаз командалар Алғыс хаттармен марапатталып, оларға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
30 мамыр 2019 ж. 475 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области