Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕШІТ ИМАМДАРЫ ДЕНСАУЛЫҚҚА ҮНДЕЙДІ

МЕШІТ ИМАМДАРЫ ДЕНСАУЛЫҚҚА ҮНДЕЙДІ

Қармақшы аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің және аудандық «Қармақшы ата» мешітінің бірлесе ұйымдастыруымен жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруға, отансүйгіштікке баулу және бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыру мақсатында «Қармақшы ата» және «Ораз ахун» мешіттері жамағаттарынан құралған командалар арасында шағын футболдан жарыс өтті.
  Жарысқа алты команда қатысып, олар екі топ бойынша өзара ойындар өткізді. Нәтижесінде екі топтан дараланып шыққан 4 команда алдымен жартылай финалды, ал сол төрт команда арасынан үздік деп танылған екі құрама ақтық ойында жолығып, жарыс қорытындысымен І-орынды «Дінмұхамед және К» командасы жеңіп алса, ІІ-орынды «Бірлік» командасы, ал жүлделі ІІІ орынды «Хикмет» командасы иемденді.
Жарыс соңында жүлдегер командалар аудандық «Қармақшы ата» мешітінің тағайындаған бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ,
Қармақшы ауданы
26 сәуір 2018 ж. 648 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области