Алексей Цой: Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайы 29 пайызға азайды
Kyzylorda-news.kz. Денсаулық министрі Бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатаң карантин шараларының нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қатаң карантин шаралары енгізілгелі бері, яғни 5 шілдеден бастап үш аптаның ішінде КВИ жұқтырудың 35 951 жағдайы тіркелді. Жалпы қатаң шектеу шараларын енгізген сәттен кейін тіркелген жағдайлардың 29 пайызға азайғаны байқалады. Қазіргі уақытта COVID-19 вирусын жұқтыру бойынша жағдай күніне орташа есеппен 1600 адам деңгейінде тұрақталды. Сонымен қатар, төсек орындар 43 пайызға, жансақтау бөліміндегі төсек орындар 27 пайызға босады», – деді Алексей Цой.
Оның айтуынша жұқтырғандардың ішінде сауыққандардың үлесі 63 пайызға артқан.«Осылайша денсаулық сақтау жүйесіне түскен жүктеменің негізгі көрсеткіштерін төмендетуге қол жеткізілді», – деді ол.






		
		


















