Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Алексей Цой қыркүйекте барлық мектепте оқушыларды қашықтан оқытуды ұсынды

Алексей Цой қыркүйекте барлық мектепте оқушыларды қашықтан оқытуды ұсынды

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа оқу жылында барлық орта мектепте балаларды қашықтан оқытуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта елде коронавирус жұқтырғандардың саны 60 мыңнан асқан.
«Олардың 1700-і – балалар. Мектепте дәстүрлі оқытуды бастау – балалар арасында ауру жұқтыру деңгейін арттырып, вирустың мектептен тыс та таралуына жол ашуы мүмкін. Жалпы жыл сайын жұқтырылған респираторлық вирусты инфекциямен (ЖРВИ) ауыратындардың 70 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. ЖРВИ-дің маусымдық деңгейде артуы мен коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың күрделілігіне байланысты оқу жылының алғашқы тоқсанында аз комплектілі мектептерді есептемегенде, барлық сыныпты қашықтан оқыту жолдарын қарастырған дұрыс деп есептеймін», - деді министр Үкімет отырысында.
14 шілде 2020 ж. 166 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области