Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Пневмониядан қайтыс болғандар туралы толық дерек неге жоқ - министр жауабы

Пневмониядан қайтыс болғандар туралы толық дерек неге жоқ - министр жауабы

Kyzylorda-news.kz. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өкпе қабынуына шалдыққандар мен осы аурудан қайтыс болғандар туралы мәліметтердің әзірше неге жарияланбай отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2020 жылдың соңғы алты айында өкпе қабынуы бойынша 1 172 өлім-жітім тіркелді. 2019 жылдың алты айында 1 780 адам қайтыс болған еді. Бұл - жалпы сипаттағы өкпе қабынуы. Толықтай алғанда биыл өкпе қабынуына шалдығу өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға жоғары болып тұр. Қазір біз өкпе қабынуына байланысты сараптама жасамақпыз», - деді министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде тілшілердің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, коронавирус инфекциясының ең ауыр түріне қолданылатын ем-дом түрі пневмонияны емдеуге де қолданылады. Сонымен қатар ол әлемде өкпе қабынуына шалдығу деректері өткен жылғы статистикалық мәліметтерге қарағанда биыл біршама жоғары болып тұрғанын айтты.
«Айрықша назар аудару мен бақылауды қажет ететін мұндай респираторлық ауру бар науқастар санын білуіміз керек. Яғни, өкпе қабынуы және барлық коронавирус инфекциясы толықтай тіркеуге алынады. Бірақ, тест арқылы ресми нақтыланғандар саны тіркеледі. Барлығы тестілеуден өтуі үшін тест санын қуалаудың қажеті жоқ. Ол орта-ауыр және ауыр науқастарға қатысты шынайы жағдайды түсіну үшін ғана қажет. Соған баса мән берген жөн», - деді Алексей Цой.
09 шілде 2020 ж. 184 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области