Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Егінге су жеткізу мәселесі басты назарда

Қызылорда: Егінге су жеткізу мәселесі басты назарда

Kyzylorda-news.kz. Облыста 184,7 мың жерге егін орналастырылса, оның 89,6 мың гектары күріш. Бүгінде каналдардан егістік алқабына секундына 403,5 текше метр су жіберілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов мәлімдеді.
«Нарын – Сырдария каскадының су қоймаларында өткен жылмен салыстырғанда судың көлемі 4,4 млрд.текше метрге аз болса, Шардарадағы жиналған су 1,9 млрд текше метрді құрап, өткен жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 1,1 млрд текше метрге аз. Сырдария өзені арқылы төменге секундына 550 текше метр су тасталып, өткен жылдан 150 текше метрге аз болып отыр»-, деді Сейілбек Серғазыұлы.
Үстіміздегі жылдың 24 шілдесінен бастап Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 550 текше метр су жіберілуде. Қазіргі таңда «Арал Сырдария» Бассейндік инспекциясы су ресурстары комитетімен бірлесіп «Шардара» су қоймасына 10-ы тамызға дейін секундына 550 текше метр су көлемін ұстап тұру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Аймақта ұзындығы 96,4 шақырым болатын 12 каналды тазалау жұмыстары жүруде. Оның 8-і облыстық бюджеттен, 4-еуі «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асуда.
Сондай-ақ, 20,9 км болатын 4 каналдың тазалау жұмыстары аяқталды. Бұл өз кезегінде, 1000 гектар егістік жерге су жеткізіліп, елді мекендегі 1079 тұрғын үй аяқ сумен қамтамасыз етіліп, егіс егуге мүмкіндік болды.
29 шілде 2020 ж. 176 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области