Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағашта мобильді топ рейд жұмыстарын тұрақты жүргізуде

Жалағашта мобильді топ рейд жұмыстарын тұрақты жүргізуде

Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі таңда Жалағаш ауданында індеттің алдын алу, таратпау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған 3 мобильді топ күндіз және түнгі мезгілде рейд жұмыстарын тұрақты жүргізуде.
Рейд барысында кәсіпкерлік нысандар оның ішінде дүкендер, дәмханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындары, көлік жуу орталықтары, таксисттер тұрағының күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауы, жұмыс уақыттары тексеріліп, саудагерлер мен тұрғындарға қоғамдық орындарда коронавирус инфекциясын жұқтырмау үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес беруде.
Тексеріс жұмыстарының нәтижесінде қойылған талаптарға бағынбаған кәсіпкерлерге заңдылыққа сәйкес шара көрілуде.
Сонымен қатар бүгін аудан жастары халық көп шоғырланатын бірнеше орындарға індеттің алдын алу, сақтық шараларын барынша сақтау бағытындағы 15 дана плакат ілді.
Айта кету керек, бүгінгі күнге дейін 200-ге жуық кәсіпкерлік нысанға мобильді топтар тарапынан тексеру және түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 3 дүкен иелеріне карантиндік тәртіпті бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 425 бабына сәйкес айыппұл салынды.
Барша аудан тұрғындарын енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз.









29 шілде 2020 ж. 291 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области