Жалағашта кәсіпкерлік нысандарға рейд жүргізілді
Kyzylorda-news.kz.Жалағаш ауданында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында құрылған мобильді топ мүшелерімен әлеуметтік нысандарға түнгі рейд жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Рейд барысында мобильді топ мүшелері күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің қатаң сақталуына, жұмыс уақытының бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуіне бақылау жасауда.
2020 жылдың 1 шілдесі күні жүргізілген рейд барысында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтамаған және бекітілген уақыт кестесіне сәйкес жабылмаған 2 кәсіпкерлік нысанға атап айтқанда "Райхан" сұлулық салонына және "Жансая" дүкеніне мобильді топ мүшелерімен акт толтырылды.