Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда той өткізген отбасыға ескерту жасалды

Аралда той өткізген отбасыға ескерту жасалды

Kyzylorda-news.kz. Аралда карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.

Рейд кезінде дүкендер және өзге де қоғамдық орындардың жұмыс уақыттары тексерілді Тексеріс жұмыстарының нәтижесінде қойылған шектеу уақытынан кейін 2 дүкеннің ашық тұрғандығы анықталды.

Дүкен иелеріне аудандағы қалыптасқан ахуал жайы айтылып, вирустың таралуын тежеу бағытында белгіленген уақыттан артық жұмыс жасамау жөнінде тиісті ескертулер айтылды. Сонымен қатар, қаладағы Д. Қонаев көшесіндегі тұрғын үйде үйлену тойы өтіп жатқандығы анықталып, той иелеріне ескерту жасалды.

Алдағы уақтытта мобильді топ мүшелері күшейтілген рейдтік шараларды күнделікті жүргізетін болады.

Карантин режимінің талаптарын сақтамай, шектеу уақытынан кейін жұмыс жасаған қоғамдық орындар мен жеке тұрғын үйлерде үйлену тойлары, қыз ұзату және өзге де отбасылық дәстүрлі шараларды жасағандарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұл салынатындығын жариялы түрде ескертеміз .

Барша аудан тұрғындарын коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз.
22 шілде 2020 ж. 239 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области