Жалағашта шлакоблок құятын цех ашылды

"Еділ, Самұрат есімді екі құрдасыммен бірлесіп аштық. Жұмыс өнімділігіне лайықталып, қолдан жасалған аппарат сатып алдық. Ұзын саны 1 млн 200 мың теңгенің шамасында қаражат жұмсалды. Ауылда бұрынғы жем шығаратын зауыт ғимаратын жалға алып отырмыз. Жоғары кернеулі электр желісіне қосылғанбыз. Қазір қызыл және көк түсті шлакоблок құйюдамыз. Бағасы – 180-185 теңге. Жеткізіп беруге де мүмкіндіктер қарастырылған", – дейді Қуаныш Қожахметов.
Құрылыста ғимаратты тез әрі тиімді тұрғызу үшін жасалған мұндай өнімдерге қазір сұраныс жоғары. Карантин уақытында ел ішінде кәсіп ашып, жұмыс бастап кетуге жағдай жасалған дейді олар.