Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 20 тамызға арналған ауа райы болжамы

20 тамызға арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың біршама аймағында күн күркіреп, жаңбыр жауады. Тек оңтүстік пен батыста күн райы ашық. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстікте және шығыста тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысынын кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Жел күшейіп, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Жел күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Түркістан облыстары, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
20 тамыз 2020 ж. 192 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области