Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРМАҚШЫДА БАЛАЛАР ТЫНЫҒУ ЛАГЕРІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

ҚАРМАҚШЫДА БАЛАЛАР ТЫНЫҒУ ЛАГЕРІ САЛЫНЫП ЖАТЫР


    Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов мәлімдеді.
    – Балалар тынығу лагерінің құрылыс жұмыстары былтыр басталды. Құны 1 млрд 292 миллион теңгені құрайтын 150 орындық лагерь алдағы күзге дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, - деді аудан әкімі.
    Ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 3,2 млрд. болып, өткен жылмен салыстырғанда 5,3 есеге өсті. 2018 жылы – 9,5 млрд. Қуаңдария ауылындағы апаттық жағдайдағы мектеп құрылысына 476,7 млн. теңге бөлініп, пайдалануға берілді. Нәтижесінде аудандағы апаттық жағдайдағы мектептер толығымен жойылған.
    Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысына 798,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Білім ошағы осы жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
    Айта кетейік, өткен жылы Жосалы кентінде 90 орындық екі балабақшаның (№3 «Ертөстік» және №5 «Айгөлек») құрылысына 497,8 млн. теңге бөлініп, қолданысқа берілген еді.  

07 ақпан 2018 ж. 938 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области