Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРМАҚШЫДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ САЛЫНЫП ЖАТЫР

ҚАРМАҚШЫДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ САЛЫНЫП ЖАТЫР


    Қызылорда облысында балалар тынығу лагері салынып жатыр. Жазда балғындар демалатын нысаны жоқ жалғыз аудан Қармақшы еді, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
     Қармақшылық оқушылар демалыс кезінде, Ұлттық бірыңғай тестілеуге және пәндік олимпиадаларға дайындалу үшін өзге аудан немесе облыс орталығына жіберілетін. Енді өрендер қысы-жазы жұмыс істейтін көп функциялы типтік жобада салынып жатқан кешенде тынығып, білімін жетілдіретін болады. Құны бір миллиард 292 миллион теңгені құрайтын 150 орындық лагерь күзге дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жалпы Қармақшы ауданында құрылыс көлемі 3 есеге дейін артпақ.
    - Жалпы ауданда биыл 9 жарым млрд тг көлемінде құрылыс жұмыстары жүреді. Олардың қатарында көпір, құс фабрикасы құрылысы бар. Осының нәтижесінде қосымша жұмыс орны ашылады, ауданға салынатын инвестиция көбейеді. Сондай-ақ, 4 ірі жолға күрделі жөндеу жұмыстары өтеді. Бұған 1 млрд қаржы бөлініп тұр, – деді аудан әкімі С.Мақашов.

29 қаңтар 2018 ж. 739 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области