Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жас сарбаздар әскери ант қабылдады

Қызылордада жас сарбаздар әскери ант қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімге ағымдағы жылдың көктемгі шақырылымында келген жас сарбаздар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып әскери ант қабылдады.
Биылғы салтанатты шараның бір ерекшелігі карантиндік шектеулерге байланысты ант қабылдаушылардың туған-туыстарының қатысуынсыз өтті. Ант қабылдау рәсіміне Қызылорда гарнизоны бастығы подполковник Ербол Әбдірайым және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері қатысты.
Әскер қатарына шақырылғандар бір ай бойы дайындық курсы мен әскери қызметке бейімделу кезеңінен өтті. Аз уақыт ішіндегі дайындыққа қарамастан жас сарбаздар қарумен саптық қозғалыстар және қоян-қолтық ұрыстың элементтерін жоғары дәрежеде көрсете білді.
Салтанатты іс-шара барысында әскери ант қабылдау күнімен әскери бөлімнің командирі подполковник Ербол Әбдірайым құттықтап, Отан алдындағы борыштарын жоғарғы деңгейде атқарып, еліне, отбасына мақтанышпен оралуларына тілек білдірді. Сонымен қатар жас сарбаздардың ант қабылдау рәсіміне келген Ауған соғысының ардагері Қайраддин Баймаханов та жас сарбаздарға жігер беріп, еліміздің болашағы, Отанды қорғау жолында аянбай тер төгуге шақырды.
Әскери ант қабылдаған жас сарбаздар әскери өмірдің қыр-сырын үйреніп, машықтануда. Алдағы уақытта оларды жоғары жауынгерлік дайындық сабақтары мен оқу-жаттығулар, кәсіби дейгейлерін шыңдайтын кезеңдер күтіп тұр.

24 тамыз 2020 ж. 197 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области