Қызылордада автокөлікті заңсыз иемденген күдікті қолға түсті
Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық тәртіп сақшылары автокөлікті заңсыз иемденген күдіктіні қолға түсірді.
20 тамыз күні сағат 02:50 шамасында Қызылорда облысы ПД-ң Қазалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне үй ауласына қойылған “ВАЗ-2105” маркалы автокөлігін белгісіз азаматтардың заңсыз айдап кеткендігі туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде 28 жастағы, Қазалы ауданының тұрғыны ұсталды.
Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.