Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жыл соңына дейін 3 өндіріс орны іске қосылады

Қызылордада жыл соңына дейін 3 өндіріс орны іске қосылады

Kyzylorda-news.kz. Сыр елінде жыл соңына дейін тағы 3 өндіріс орны ашылып, 370-ке жуық маман жұмыс орнын табады. Индустрияландыру жобасы аясында іске асатын өндіріс ошақтарының 2-уі ауданда, 1-і Қызылорда қаласында жұмысын бастайтын болады.

Жылдың аяғында қуаттылығы жылына 4 мың тонна балық өндейтін жаңа цех іске қосылады. Арал ауданында орналасатын өндіріс орны «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен мен пластикалық қайық жасау цехі» деп аталады. Жобаның жалпы құны 160 млн.теңгені құрайды. Цех толыққанды іске қосылса, 100-ге жуық маман тартылып, балық өндеу ісіне қан жүгіреді.

Тағы бір жоба – Қармақшы ауданында қосылатын құс фабрикасы. Жылына 1500 тонна құс етін өндіретін фабриканың жоба құны 1,9 млрд.теңге деп белгіленген. Ет өнімінің үлесін көбейту ісімен 50-ге жуық маман айналыспақ.

Енді жаңа 2021 жылдан бастап қызылордалықтар табақша шыны шығаратын зауыт жұмысымен таныса алады. Жылына 197,1 мың тонна табақша шыны өндіретін зауытта 200-ден астам маман тұрақты жұмыс көзін табады.

Өңірде мұнай өндіру көлемінің төмендеуімен байланысты өнеркәсіп өндіру көлемі төмендегенімен, тамақ өнімдерін өндіру 29,8%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдер өндірісі 13,3 пайызға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату ісі 10,7%-ға артқан.
25 тамыз 2020 ж. 430 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области