Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 1 қыркүйекте Армения көліктерін тіркеу мерзімі аяқталады

1 қыркүйекте Армения көліктерін тіркеу мерзімі аяқталады

Kyzylorda-news.kz. Бір апта уақыттан соң Қазақстан аумағында Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу мерзімі аяқталады.
Қызылорда облысы полиция департаментінің ақпараты бойынша 200-ден астам облыс тұрғыны көліктерін есепке қойып үлгерген. Оларға сары түсті мемлекеттік нөмірлер берілді.
Армениядан алып келген көліктерін 1 қыркүйекке дейін тіркеп үлгермегендер заңға сәйкес 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Қазіргі таңда облыс бойынша сары түсті мемлекеттік нөмір тағу үшін тіркеуге жататын 60-қа жуық көлік қалған.
"Мұндай көлік құралдарын тіркеу мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады. Осы ретте тіркеу жұмыстарының таяп қалғанын ескере отырып, Қызылорда облысы полиция департаменті Армения республикасынан әкелінген көлік құралдарын заңмен көзделген мерзімде тіркеп үлгерулеріңізді сұраймыз",- дейді облыстық полиция департаменті ӘПБ бастығы Нұрмахан Пазылов.
25 тамыз 2020 ж. 160 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области