Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшы ауданының әкімі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

Қармақшы ауданының әкімі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейде болды.
Аралау барысында білім ордасындағы бастауыш сыныптардың дайындығы, санитарлық нормалардың сақталуы тексерілді.
Аудан басшысы барлық карантиндік қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, білім беру процесінің сапасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, білім беру ұйымындағы дене шынықтыру алаңы мен мектептің кіре берісіндегі әрлеу жұмыстарына баса назар аударып, тазалық мәселелеріне басымдылық беруді тиісті сала басшыларына жүктеді.
Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков жақын күндері мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексеріп, нәтижесін хабарлауды тапсырды.
25 тамыз 2020 ж. 291 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области