Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Шаңырақ» пилоттық жобасына өтініш қабылдау басталды

Қызылордада «Шаңырақ» пилоттық жобасына өтініш қабылдау басталды

Kyzylorda-news.kz. Биыл кезекте тұрғандардың баспана мәселесін шешу үшін «Шаңырақ» пилоттық жобасы ашылып, бағдарламаға өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қызылорда филиалының директорының орынбасары Ильяс Журунов мәлімдеді.
– «Шаңырақ» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін бюджеттен қаржы бөлініп, оның алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Пилоттық жоба аясында жеңілдетілген несиені баспанаға мұқтаж жан ретінде 1986 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі аралықта әкімдік кезегінде тұрған азаматтар ала алады. Қазіргі таңда, облыс бойынша аталған жылдар аралығында баспана алу үшін кезекте тұрған 3600 адам бар. Олардың өтініштері қаралып, пәтер кілтін алуға барынша мүмкіндіктер қаралады. Аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек жаңа соғылған үйлерден ғана алуға болады. Сондай-ақ, әкімшілік кезегінен кейінгі жылдары тұрған азаматтар да шақырылуы мүмкін,-деді Ильяс Мұхатайұлы.
Айта кетейік, әкімшілік кезегіне қай уақыттан бастап есепке тұрғаныңызды egov.kz сайты арқылы немесе жергілікті атқарушы билік органдарынан білуге болады.
26 тамыз 2020 ж. 272 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области