Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 148 талапкер әкім грантын иеленді

Қызылордада 148 талапкер әкім грантын иеленді

Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасылардың балалары үшін 150 білім гранты бөлінді, нәтижесінде 148 талапкер грант иегері атанды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Абдукаримов мәлімдеді.
«Облыс әкімінің грантына 183 үміткердің өтініші қабылданды. Қабылданған өтініштер аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері жанына құрылған арнайы комиссиялардың отырыстарында қаралып, нәтижесінде барлығы 148 грант иегерлері анықталды. Атап айтқанда, 76-ы көп балалы, 43-і тұрмысы төмен, 13-і асыраушысынан айырылған отбасына, 7-і ата-анасының біреуі мүгедек, 3-і «Атамекен» балалар үйінің тәрбиеленушісі, 3-і мүгедек балаға, ал қалған 3-еуі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға берілді. Сондай-ақ, 2 үміткер мемлекеттік грантты иеленуіне байланысты бас тартты», – деді Мейрамбек Жақсылықұлы.
28 тамыз 2020 ж. 300 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области