Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мұнайшылар партия бастамасын қолдап отыр

Мұнайшылар партия бастамасын қолдап отыр

Kyzylorda-news.kz. «Мықты лидерлер – мықты партия» қағидасын басшылыққа алған саяси доданы мұнайшылар да қолдап отыр. Мұны сала өкілдер бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешовамен болған кездесуде атап өтті.
Қазір праймериз қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Ашық, бәсекелестік негізде өтетін ішкіпартиялық іріктеуге бақ сынауға үміткер ретінде тіркелушілердің саны 500-ге жуықтады. Арасында елге танымал спортшылар, дәрігерлер, ұстаздар түрлі сала өкілдері бар. Өңіріміздің экономикалық дамуына елеулі үлес қосып отырған мұнай саласы өкілдерінің қолдап, қызығушылық танытуын біз қуанышпен қабылдаймыз. Себебі елімізді дамыту үшін қай бір салада мықты мамандардың болуы қажет. Біздің міндетіміз осы праймериз арқылы нағыз лидерлерден партияның кадрлық резервін қалыптастырып, жергілікті деңгейдегі мәслихаттарға, Мәжіліске өз белсенділерімізді ұсыну,- деді облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова.
Кездесу барысында ішкі партиялық іріктеудің негізгі ережелері, үміткерлерге қойылатын талаптар, үгіт насихат жұмыстары, праймериз ақпараттық жүйесінің артықшылықтары сөз болды.
Мәселен, елдегі пандемияға орай азаматтардың денсаулығы мен амандығы үшін Партия Төрағасының тікелей тапсырмасымен веб-портал мен мобильді қосымшадан тұратын «Праймериз» ақпараттық жүйесі әзірленген.Бұл жүйе партияішілік іріктеудің барлық кезеңін өткізуге мүмкіндік береді. Яғни, үміткерлерді тіркеуден бастап, үгіт жұмыстары, дауыс беруге дейін онлайн режимі қарастырылған әрі қолдануға да жеңіл. Сондықтан іс-шаралардың басым бөлігін біз осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып өткізуге тырысудамыз, - дейді Ләйлә Төрешова.
Жиында мұнайшылардың әлеуметтік жағдайы да сөз болды.Өз кезегінде сөз алған «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ныңбөлім басшысы Тлеуберген Шаутай елдегі мұнай өндіру көлемінің азаюына қарамастан,пандемия кезінде мұнайшылардың айлық жалақылары сақталып тұрғандығын айтты. Сонымен қатар халық қалаулысы праймеризге түсетін азаматтар жеке бас мүддесін ғана емес, партия мүддесін ойлау қажетігін де тілге тиек етті.
Келелі кездесуде ішкіпартиялық іріктеудің қыр - сырына қанық болған мұнайшылар саяси доданың сәтті өтуіне тілектестік білдірді.
Қосымша ақпарат: Қызылорда облысы бойынша бүгінгі күні іріктеуге 487 азамат ұсынылып, оның 443-і кандидат ретінде тіркелді (90%).Оның ішінде 33,2 пайызы әйел азаматтар, 26,8% - 35 жасқа дейінгі жастар.
28 тамыз 2020 ж. 247 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области