Қызылордалық аграрилер «Nur Otan» партиясының ішкі партиялық іріктеуінің өтуіне қолдау білдірді
Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов ауылшаруашылығы саласыныңөкілдерімен кездесті.
Онда тиімді депутаттық корпусты қалыптастыру мен мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтауға бағытталған ішкі партиялық іріктеу-праймеризді талқылады.
Сөз басында филиал төрағасының орынбасары "Ауыл шаруашылығы қай кезеңде болмасын экономиканың локомотиві болып қала беретіндігін айтты. Сондай-ақ, «Nur Otan»партиясының тікелей араласуымен өңірімізде ауыл шаруашылығын дамыту, жаңа технологияларды енгізу мәселелеріне қатысты атқарылған жұмыстарды сөз етті.
«Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ»,- деген. Өткен жылы Сыр диқандары 88 мың гектарға жуық жерге күріш егіп, қамбаны дәнге толтырды. Ауыл шаруашылығын әртараптандырудың нәтижесінде бақша өнімдерін өндіру де арты. Бұл - тыңға түрен салып, саладағы жаңа жобаларды жүзеге асырудағы сыр аграрларының еңбегі деп білемін, - деді Алтынбек Жарылқасынов.
Сондай-ақ, партия филиалы төрағасының орынбасары«Nur Otan» партиясының ішкі партиялық іріктеуіне ауылшаруашылығы саласының өкілдері де үміткер ретінде тіркеліп жатқанын және олардың ашық бәсекеде бағы жанып уәкілетті органдардан өз орынын тауып жатса, саланы дамытуға ықпал ететіндігін атап өтті.
Кездесу барысында сала мамандары еліміздегі саяси оқиғаның маңыздылығын жан-жақты талқыланды.Бұл орайда, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері,Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сайланбалы органдарға бәсекелестік негізде мықтыларды анықтап ұсыну идеясын дұрыс шешім деп қабылдағындықтарын айтады.
Әлемде түрлі жағдайлар болып жатыр. Елді дамыту үшін білімді, озық ойлы азаматтардың көптігі дұрыс. Елдің аманатын арқалаған партия бұл бағытта дұрыс шешім қабылдап отыр.Ал, праймериз осындай азаматтарға жасалып отырған үлкен мүмкіндік,-дейді олар.