Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Ақ жол» партиясы Президент Жолдауының негізгі қағидаларын талқылады

«Ақ жол» партиясы Президент Жолдауының негізгі қағидаларын талқылады

Kyzylorda-news.kz. «Ақ жол» Демократиялық партиясы дағдарыстан кейінгі ел дамуының мәселелеріне арналған Президент Жолдауының негізгі қағидаларын талқылады. Жолдауды талқылауға партия төрғасы Азат Перуашев, Орталық кеңес президумының мүшелері, Мәжіліс депутаттары, «Ақ жол» партиясының белсенділері қатысты. Іс-шара өңірлердегі партия филиалдарымен бейнеконференция режимінде өтті.
Партия төрағасы партия мүшелеріне Жолдаудың негізгі бағыттары мен Мемлекет басшысының үкімет пен мемлекеттік органдардың алдына қойған тапсырмалары туралы хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жолдауы маңызды бөлімдерден тұрады және белгіленген бағыттардың әрқайсысы нақты тапсырма түрінде берілді. Жолдау реформалық сипатта құрылған» – деді Азат Перуашев.
«Акжолдықтар» бизнесті қолдау жөніндегі көптеген тапсырмаларды, зардап шеккен шағын және орта бизнес секторларының барлық несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, агроөнеркәсіптік кешенді қолдау, бизнес ахуалды жақсарту және тағы басқа мәселелерді атап өтті. Сонымен бірге, талқылау барысында мемлекеттік басқару саласындағы Президент тапсырмаларына, Стратегиялық жоспарлау жөніндегі Агенттігін, Реформалар жөніндегі Жоғары Президенттік кеңесті, Бәсекелістікті қорғау және дамыту жөніндегі Агенттігін құруға, мемлекеттік қызметкерлердің штатын қысқарту, жауапты хатшылар институтын таратуға қолдау білдірді.
«Бизнес партиясының өкілдері ретінде елдің жаңа экономикалық бағытының басты қағидаларының бірі болып жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлінің аталғанын естіп қуанып қалдық», – деп атап өтті партияның Қарағанды облыстық филиалының өкілдері.
Депутат Берік Дүйсембинов Жолдауда қойылған мәселелер көп жағдайда «Ақ жол» партиясы көтеріп келе жатқан мәселелермен үндес екенін айтып және партия сайлауалды жұмысын жалғастыруға шақырды. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты 2018 жылы «Ақ жол» партиясының фракциясы билік өкілдерінің қос азаматтығы үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді туралы ұсынысы бүгін Президент тапсырмаларының ішінде айтылғанын да еске салды.
Фракция депутаттары олар бұрын көтерген өзге де мәселелер Президент Жолдауында орын алғанын, мысалы, 2017 жылдан бері шенеуніктердің штатын қысқарту, әкімдер сайлауы туралы тапсырмалар партияның бағдарламалық міндеттерінің бірі екенін еске салды.
Талқылауға қатысушылар Президент Жолдауын қолдап, «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясына Жолдауды іске асыру үшін тапсырмаларды белгіледі.
03 қыркүйек 2020 ж. 128 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области