Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда түрмесінде жазасын өтеуші некесін қидырды

Қызылорда түрмесінде жазасын өтеуші некесін қидырды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген жігіт азаматтық некедегі жұбайымен заңды некеге отырды.
Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің қызметкері Ж.Омарова неке қию туралы куәлігін жас жұбайларға табыстады.
Жазасын өтеуші осы уақытқа дейін әйелімен азаматтық некеде болған. Олардың ортақ төрт баласы бар. Осылайша, олар отбасы мерекесі қарсаңында неке куәлігімен қоса төрт баласының туу туралы куәлігін де алды.
«Абайсызда жол-көлік оқиғасын жасап, жазамды мекемеде өтеп жатырмын. Бүгін мен үшін қуанышты күн, екеуіміз заңды түрде некемізді қиып, куәлік алдық. Сонымен бірге, ортақ балаларымыздың туу туралы куәлігін де алдық. Мерзімімді өтеп, бостандыққа шыққан соң балаларыма жақсы тәрбие беремін», – деп қуаныштан көзіне жас алды жазасын өтеуші.
10 қыркүйек 2020 ж. 172 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области