«Елбасы жолы. Астана» фильмін тамашалады
Қызылордада облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқандар «Елбасы жолы. Астана» тарихи фильмін тамашалады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыстық ҚАЖ департаментіне сілтеме жасап.
«Қазақфильм» және «Сатайфильм» киностудиялары түсірген фильмді мекемедегі қауіпсіздігі орташа режимдегі 110 жаза мерзімін өтеуші азаматтар көрді. Аталған фильмде Елбасымыздың кемеңгер бастамасының арқасында елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы арманының ақиқатына айналып, Астана қаласының құрылу кезеңдерінен бүгінгі келбетіне дейінгі кезеңдер толық қамтылған.
Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына керемет тарту болған тарихи фильмде Елбасымыздың ролін белгілі актер Мұрат Ақманов сомдаса, президенттің даусына Ерлан Қасымжанұлы дубляж жасаған.
Соңында жазасын өтеуші азаматтар фильмнен ерекше әсер алып, ойларымен бөлісті.