Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЖ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА ӨТУДЕ

ҚАЖ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА ӨТУДЕ

Жазасын өтеушілерді салауатты өмір салтына бейімдеп, моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыру, яғни олардың өзара қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде жыл сайынғы дәстүрге айналған жазғы спартакиада ойындары басталды.
Бір айға созылатын жазғы спартакиаданың ашылу салтанатына облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының мамандары қатысып, спорттық жарыстарға төрелік ететін болады.
Жарыста жазасын өтеушілер спорттың дойбы, шахмат, волейбол, футбол және т.б түрлерінен сынға түседі. Сайысқа әр жасақтан бір-бір команда қатысып, бақтарын сынауда.
Спартакиаданың қорытындысы тамыз айынның соңында шығады. Жеңімпаз командалар мен жүлделі орындарға ие болған жаза мерзімін өтеуші азаматтар мекеме бастығының грамотасымен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Д.ЕРАЛИЕВ,
ЗК-169/5 мекемесінің
САӘПТЖББ-ның бастығы,
әділет лейтенанты
08 тамыз 2018 ж. 699 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области