Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада рұқсатсыз қалдық тасталған 18 аумақ анықталды

Қызылордада рұқсатсыз қалдық тасталған 18 аумақ анықталды

Kyzylorda-news.kz. Цифрландыруға сәйкес Қызылорда облысында соңғы жылдары облыстық экология департаменті қоршаған ортаны электронды қорғау шараларын қолға алды. Атап айтқандажыл басынан Геопортал жүйесі бойынша ғарыштық мониторинг арқылы космостық бейне-суреттерді зерделеумен Қызылорда қаласының 50 шақырымдық радиус аумағында 18 рұқсатсыз қалдықтар орындары анықталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық экология департаментінің басшысы Марат Құрманбаев баяндады.
«Жоғарыда көрсетілген 18 заңсыз қалдық орындарына департамент мамандары тікелей барып, тиісті әкімшілік аумақтық бөлініс бойынша жергілікті атқарушы орган мамандарының қатысуымен далалық-зерттеу, анықтау жұмыстары жүргізіліп, тиісті мәліметтер Геопорталға енгізді. Мемлекеттік экологиялық бақылау барысында департамент мамандарымен 844 үлгі алынып, 1656 анықтау жүргізілді. Сондай-ақ анықталған деректер бойынша департамент пен тиісті шаралар тиісті шаралар қабылданып, табиғат пайдаланушылар тарапынан ластағыш заттардың белгіленген нормативтерден асу дерегін жою бойынша табғат қорғау іс-шаралар жүзеге асырылды»- деді Марат Ердаулетұлы
Үстіміздегі жылы «Байқоңыр» кешенінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік экологиялық бақылау жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың жарты жылдығында 7 объектіге жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізіліп, анықталған экологиялық заң бұзушылықтар бойынша орындауға жататын ұйғарымдар берілді. Қазіргі уақытта ГУП ПО «Горводоканал» кәсіпорнына жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту мақсатында Байқоңыр қаласында орналасқан кәсіпорындар тарапынан табиғатты қорғау іс-шараларына арналған жұмыстары атқарылуда. Яғни аталған алаңдардағы рұқсат етілмеген орындарда орналасқан қалдықтарды кәдеге жарату туралы мәселесі көтеріліп, Байқоңыр қаласының әлеуметтік дамуының 2020 жылға арналған Жол картасына ұсынылды. Бүгінгі күні аталған Жол карта ҚР Үкіметімен бекітіліп, қалдықтарды кәдеге жарату бойынша шешімнің жобасына жұмыстар атқарылуда.
10 қыркүйек 2020 ж. 208 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области