Қызылордада рұқсатсыз қалдықтар тасталған 228 аумақ анықталды

Өткен жылы ғарыштық мониторинг арқылы космостық бейне суреттерді зерделеумен Қызылорда қаласының 50 шақырымдық радиусы аумағында 228 рұқсатсыз қалдықтар орындары анықталып, департаменттің жергілікті атқарушы органдармен бірлесе атқарған іс-шаралары нәтижесімен анықталған заңсыз қалдықтар орындарының 99 %-ы жойылды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 10 шілдедегі кеңейтілген отырысында заңсыз орналасқан қалдықтар орындарын жою жөнінде берген тапсырмасына сәйкес, Қызылорда облысының әкімдігімен ғарыштық мониторинг нәтижелері арқылы аймақта анықталған заңсыз орналасқан қалдықтар орындарын жою кестесі бекітілді.
Бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 17 шілдесі күні Қызылорда облысы, Сырдария ауданы аумағында ғарыштық мониторинг нәтижелері арқылы анықталған заңсыз орналасқан қалдықтар орындарына департамент мамандары жергілікті атқарушы органдар мамандарымен бірге далалық-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Департамент мамандарымен жүргізілген анықтау жұмыстарының нәтижесімен тиісті жергілікті атқарушы органдарға заңсыз қалдықтар орындарын жою, бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру бойынша тиісті шараларды атқару жөнінде хаттар жолданды.
Алдағы уақытта департаментпен қалдықтар орналасқан жерлерді қашықтан зондтаудың ғарыштық түсірілімі қызметі арқылы заңсыз қалдықтар орындарын анықтау бойынша тұрақты түрде бірлескен жұмыстар жүргізіп, қалдықтар орындарын жоюға бағытталған шаралар ұдайы түрде жалғасатын болады.

