Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жаңа қатты қалдықтар полигонына 5 гектар жер бөлінді

Қызылордада жаңа қатты қалдықтар полигонына 5 гектар жер бөлінді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жаңа қатты қалдықтар полигонына 5 гектар жер телімі бөлінді. Бұл ақпарат Өңірлік коммуникациялар қызметінің «Facebook» парақшасында жарияланды.Қатты қалдықтар полигоны Арал қаласының солтүстік-батыс бөлігінде, яғни қаладан 4 шақырым қашықтықта орналасқан.
Қазіргі таңда полигон құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. Атап айтқанда, жер мен топырақты тегістеу жұмыстары толық аяталып, автокөліктерге кіретін жол дайындалды. Полигон құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Айта кетейік, Қызылорда облысында қатты қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жұмыстар үш бағытта жүргізілуде. Олар қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, халыққа қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметтер ұсыну, экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келетін қатты қалдықтар полигондарын құру.
04 ақпан 2020 ж. 307 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области