Қызылордада мас күйінде көлік жүргізген 22 жүргізуші анықталды
Kyzylorda-news.kz. 10-12 қыркүйек аралығында өткен «Мас жүргізуші-қылмыскер!» жедел профилактикалық іс-шарасының 3 күнінде көлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзған 977 дерек тіркелді.
Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқарған 62 құқық бұзушы анықталды. Автокөлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін 15, техникалық құралын басқарған кезде телефон пайдаланған 99 жүргізуші анықталған. Сондай-ақ, автокөлік басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 209, көлік басқару кезінде қозғалыстың қарсы жолағына шыққан 7 көлік белгілі болды. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өткені 24, жаяу жүргіншіге жол бермеген 42 азаматқа тәртіптік шара көрілді. Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызғаны үшін 7, көлік құралын мас күйінде басқарған 22 жүргізуші жазаланды. Көлік құралын басқару құқығы жоқ 130 жүргізуші анықталып, 78 автокөлік айып алаңына қойылды.