Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "Қызылорда жылу электр орталығы" күрделі жөндеуден өтіп жатыр

"Қызылорда жылу электр орталығы" күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Kyzylorda-news.kz. «Қызылорда жылу электр орталығы» кәсіпорнын күрделі жөндеуге «Нұрлы жер» бағдарламасы және «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 4 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, жұмыстың 87 пайызы аяқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов баяндады.
«Негізгі станциясындағы газотурбиналық қондырғылары, су жылытқыш қазандығы және турбиналық цехтың технологиялық құбырларын, Оңтүстік қазандықтарын ағымдағы жөндеуден өтуде. Сонымен бірге ұзындығы 15 шақырым болатын магистралды және квартал ішілік жылу желілері қайта жаңғыртылуда. Осы жаңғырту жұмыстары аяқталғанда жалпы жылу желілерінің тозу пайызы 42 пайыздан 39 пайызға дейін төмендейді», - деді Руслан Аймырзаұлы.
Сондай-ақ, ұзындығы 1,8 мың шақырымды құрайтын электр желілері ауыстырылып, 233 қосалқы трансформаторлық станцияға ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілуде. Ал «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалы - алдағы жылу беру маусымына дайындық жүргізу үшін 56 дана ГРП мен 242 дана ШРП-ға ағымдағы жөндеуден өткізді. Брифинг барысында басқарма басшысы коммуналдық қызметтердің тарифтері басқа аймақтармен салыстырғанда орташа деңгейде екендігін айтты.
17 қыркүйек 2020 ж. 573 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области