Қызылордада суармалы жерлер қалпына келтірілуде
Kyzylorda-news.kz. Облыста суармалы жерлерді қалпына келтіру және айналымға қосу бойынша 3 жоба жүзеге асуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов мәлімдеді.
-Жобаға аймақта пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар суармалы жерлерді айналымға қосу және 158 мың гектар суармалы егістіктегі ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру енгізілген. Өткен жылы жоба аясында Жалағаш ауданында Аққұм, Бұқарбай батыр, Таң және Мәдениет ауылдық округтеріндегі 15 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Алдағы уақытта аталған жобалар толығымен жүзеге асқан жағдайда, суармалы жерлердің 80 пайызы қалпына келеді. Жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында биыл орман тұқымбақтарының көлемін 22,6 гектардан 80 гектарға дейін ұлғайтамыз, - деді Бауыржан Серікұлы.
Жалпы 5 жыл ішінде тұқымбақтарда 60 миллионнан астам ағаш көшеттері дайындалады.