Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада суармалы жерлерді ұлғайту мәселелері талқыланды

Қызылордада суармалы жерлерді ұлғайту мәселелері талқыланды

Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында суармалы жерлерді ұлғайту перспективалары қарастырылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында облыс әкімдеріне мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында суармалы жерлердің көлемін арттыру тапсырылған болатын. Осыған байланысты ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында арнайы жұмыс тобы суармалы жерлерді кеңейту мүмкіндігін зерттеумен айналысты.
Мәжілісте аймақ басшысы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы басқармалары және Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы, "Қазсушар" кәсіпорнының Қызылорда филиалы басшыларына, сондай-ақ, қала мен аудан әкімдеріне өңірдің суармалы егіншілігін дамыту жөнінде жер көлемі, суару тетіктері мен жобаны қаржыландыру көздері көрсетілген іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.
"Облыстағы суармалы жерлердің көлемін 300 мың гектарға ұлғайтуға толық мүмкіндіктер бар. Аймақта 249,8 мың гектар суармалы жерлердің 236,8 мың гектарына егіс егуге болады. Қосымша жұмыс тобымен 96 мың гектар жаңа суармалы жерлер анықталып отыр. Осылайша суармалы жерлердің көлемін 332 мың гектарға жеткізу мүмкіндігі бар. Сондықтан, біз жаңа суармалы жерлерді игеруді Үкіметтің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген суармалы жерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары арқылы іске асыруымыз қажет»,-деді аймақ басшысы.
Салалық басқарма басшылары суармалы жерлерді ұлғайту бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп беріп, алдағы уақытта іс-шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты.
"Мәселен, Сырдария ауданында 4000 га жерді игеру жоспарлануда. Оның ішінде пилоттық режимде 1000 га учаскеде "Мелиоратор" ЖШС мердігері компанияның өз қаражаты есебінен канал қазу жұмыстарын бастады. Басқа да әлеуетті инвесторлармен жұмыс жүргізілуде", - деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айдар Әбдуалиев.
"Қазсушар" Қызылорда филиалының басшысы Болат Арыстанбаевтың айтуынша, айналымға енгізілетін суармалы жерлердің бірінші кезекте 51313 га, екінші кезекте 44744 га жоспарланған. Сондай-ақ, жаңа жерлерді игеруде заманауи ылғалды сақтау технологияларын пайдалану, құрғақшылыққа төзімді дақылдардың егіс даласын ұлғайту және суармалы су көлемін есепке алудың автоматты жүйесін орнату ұсынылады.
Мәжіліс барысында қала және аудан әкімдері өздерінің атқарған жұмыстарын баяндады.
Қорыта келе, аймақ басшысы атқарылып жатқан жұмыстарды әрі қарай да жалғастыруды және басқа өңірлердің тәжірибесін тиімді пайдалануды ескертті. Облыстық басқармалардың басшыларына аталмыш бағытта тәжірибе алмасу үшін Елордаға жауапты мамандарды жіберу, ал облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовқа ай сайын өткізілетін іс-шаралар туралы баяндау тапсырылды.
29 наурыз 2019 ж. 445 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области