Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАҚПА АЛДЫНДА КЕЗДЕСУ» ӨТТІ

«ҚАҚПА АЛДЫНДА КЕЗДЕСУ» ӨТТІ


    «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы сотталғандарды бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі алғашқы күндері қоғамда әлеуметтік бейімдеу үшін жағдайлар жасау мақсатында ұйымдастырылады. Сондай-ақ, әлеуметтік-психологиялық, тұрмыстық және жұмысқа орналастыру жөнінде көмек көрсету, туыстық байланыстарын нығайту болып табылады.
    Осы орайда, жаза мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған И.Кулишовты Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция және қалалық пробация қызметі, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы мен «Арылу» қоғамдық қорының өкілдері шақырылып, «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы бойынша мекеме әкімшілігі шығарып салу іс-шарасын өткізді.
    «Қақпа алдында кездесу» аясында жаза мерзімінің аяталуына байланысты сотталғандардың денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілді.
    Шара соңында босатылушы И.Кулишов мекеме әкімшілігіне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.  

08 ақпан 2018 ж. 774 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области