Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МӘМС жүйесінде сақтандырылдыңыз ба?

МӘМС жүйесінде сақтандырылдыңыз ба?

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «МӘМС жүйесінде сақтандырылған бол! акциясы өтті. Мақсаты - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің қағидаттары мен артықшылықтарын, пациенттердің құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіру.
Медициналық сақтандыру қоры филиалының, облыстық жастар денсаулығы орталығының мамандары "Arai citi mall" сауда-ойын-сауық орталығының келушілеріне МӘМС жүйесі туралы ақпараттық-материалдар, брошюралар, постерлер таратып, сұрақтарға жауап берді.
Атап айтқанда, тұрғындар МӘМС мәртебесін анықтау, қымбат медициналық қызмет алу, пациент ретінде өз құқықтарын қорғау сияқты мәселелерге қызығушылық танытты.
Сондай-ақ, емханаларға еркін тіркелу науқанының осы кезеңінде МӘМС жүйесінде халықты өзектендіру мәселелері аса өзекті. Аймақтын 8 мыңнан астам тұрғыны алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелмеген.
Медициналық көмекке қол жеткізбей қалмау үшін тұрғылықты жері бойынша емханада МӘМС жүйесінде тіркелу және сақтандырылу мәртебесін тексеру қажет.
Өзінің cақтандыру мәртебесін Электрондық үкімет порталында, Қор сайтында, Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы және «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.
Облыста халықтың 80% - ға жуығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылады, 147 мыңнан астам адам сақтандырылмаған.
24 қыркүйек 2020 ж. 184 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области